Рим папасы бразилиялық сылқымға лайк басты

16.11.2020 Жаңалықтар
5
Рим папасы инстаграм жұлдызы, бразилиялық сылқым Натальи Гарибботоның фотосуретіне лайк басты. Бұл жайында лайктың скриншотын жасап үлгерген Гарибботоның өзі хабарлады. Осы постан кейін лайк Рим папасының ресми аккаунтынан жоғалып кетті. Ал, бразилиялық сылқым болса «Маған бүгін папаның өзі бата берді» деп жазды.