Ресейді Сталиннен құтылуға шақырған журналист Сергей Доренко қайтыс болды

10.05.2019 Жаңалықтар
4

Орыстың белгілі журналисі, "Говорит Москва" радиосының бас редакторы Сергей Доренко қайтыс болды. Бұл турал Ресей БАҚ-тары жазып жатыр. Орыс баспасөзінің жазуынша, журналист жол үстіне қолқасы жарылып қаза болған көрінеді. Белсенді әрі турашыл, өз пікірі мен көзқарасын ашық айтудан тартынбаған Доренко Қазақстандағы орыс телеарналарының көрермендеріне де таныс.

Сергей Доренко 5-наурыз - Сталиннің туған күнінде Ресей билігін Сталиннің сүйегін қызыл алаңнан алып тастауға, одан құтылуға шақырып үндеу жариялаған еді. Үндеуде Доренко: "Сталин – біздің масқарамыз! Сталин үшін әрбіріміз ұяламыз! Біз осы масқараны мойындап, одан арылуымыз керек” деген еді. Ал бүгін Қазақстанда "Бессмертный полк" шеруі өтіп, оған қатысқан кейбір адамдар Сталиннің суреті мен совет одағының туын көтеріп шықты.