Ресей мен Қазақстан арасында әуе байланысы артады

07.09.2021 Жаңалықтар
5
22 қыркүйектен бастап Ақтөбе – Қазан бағытында әуе рейсі іске қосылады. Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерінің саны артады. "22 қыркүйектен бастап "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе – Қазан бағытында ұшуды бастайды", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссия мен Ресейдің мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.