Құрбан айт 2021: Құрбан шалудың екі жолы түсіндірілді
15.07.2021
Жаңалықтар
5
Қазақстанда Құрбан айт мерекесі 20 шілдеден басталады.
Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07:00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, "сары", "жасыл" аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. Дегенмен, "қызыл" аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Құрбан шалу рәсімін өткізу екі жолмен өткізіледі: Бірінші, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу рәсімін офлайн режимде, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастырылады. “Биыл құрбандық шалатын арнайы орындарда Ashyq мобильді жүйесі іске қосылатын болады. Сары және жасыл аймақтардың құрбандық шалатын арнайы орындарында азаматтардың денсаулықтарына ерекше көңіл бөлу және қоғамдық қауіпсізді қамтамасыз ету мақсатында арнайы Ashyk мобильді қосымшасын іске қосып отырмыз. Атап айтсақ, қызыл және сары мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді. Көк және жасыл мәртебесі бар азаматтар ғана құрбандық шалу рәсіміне жіберіледі. Кешеден бастап ҚМДБ-ның арнайы өкілдері сары және жасыл аймақтағы өңірлер бойынша әкімдік тарапынан арнайы құрбан шалуға бекітілген орындарға барып, онлайн форматта құрбан шалушыларды алдын ала жазады. Әрбір өңірдегі ҚМДБ жұмыс тобының колл-центріне қоңырау шалу арқылы жазылады. Оффлайн форматтағыларға арнайы тізім қалыптастырып, құрбан шалуға ниетті тұлғаға құрбан саны мен құрбан шалуға барудың нақты уақыты хабарланады. Бәрі бірдей бір уақытта бармас үшін, талон алған секілді өз кезегімен барып шалатын болады. 20 шілде күні сағат 07:20-дан бастап сары және жасыл аймақтағы өңірлердегі алдын ала жазылған тұлғалар белгіленген уақытта әкімдік тарапынан бекітілген арнайы орынға барып, оффлайн форматта құрбан шала алады. Әр адамға бір сағат уақыт беріледі. Құрбандық етін, ет сақтайтын орындарға жөнелту және оны жеткізу жағын еріктілер, мешіт қызметкерлері, имамдар жүзеге асырады. Бұл тегін болады. Құрбан еттері жетімдер үйі, қарттар үйі және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға беріледі. Қасапханаларда санитарлық талаптардың сақталуы, құрбандыққа шалынатын мал мен оның жағдайы тексеріледі. Қасапханаға кірерде бетперде тағып, ара қашықтықтықты сақтап, дене қызуы бар адамдардың кіруіне жол берілмейді. Жасы 65-тен асқан қариялар, сондай-ақ әйелдер мен балалар барынша құрбан шалу орындарына бармағаны дұрыс”, – дейді ҚМДБ өкілі Ершат Ағыбайұлы. Құрбан шалатын адамға қойылатын талап:- Қасапханаға міндетті түрде бетперде тағып кіру
- Антисептиктік заттарды барынша пайдалану
- Ара қашықтықты қатаң сақтау
- Бір-бірімен қол алыспау
- Дене қызуы 37 градустан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамға келмеу
- Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйелдердің құрбан шалатын орынға бармауы сұралады.
- Қасапшы мұсылман болуы
- Кәмелетке толған, психикалық және физикалық тұрғыда сау болуы
- Мал союды жақсы меңгерген болуы
- Санитарлық талаптарды сақтауы
- Мал бауыздар алдында “Биссимиллә” және “Аллаху әкбар” деп айтуы
- Құрбандық шалуға өкілдік берілмей малды бауыздамауы
- Пышақты малдың алдында қайрамау
- Сойылатын жерге малды қинамай алып бару
- Малды құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызу
- Малды өтпейтін пышақпен бауыздамау
- Бір малдың көзінше басқа малды бауыздамау
- Малдың қаны толық аққанын, жаны шыққанын күту
- Қасапханаға келетін адамдардың дене қызуын өлшеп кіргізу
- Қасапханаға антисептиктер мен маскалар қою
- Қасапхана толымдылығын 30 пайыздан асырмау
- Кемінде 1 метр ара қашықтықты білдіретін сызықтарды сызып қою
- Мал соятын орынның таза болуын қадағалау