Полиция: Пенжімдегі қақтығыс ұлтаралық негізде басталған
03.11.2021
Жаңалықтар
5
Алматы облысының Пенжім елді мекеніндегі болған оқушылар арасындағы кикілжің ұлтаралық негізде басталған. ІІМ ресми мәлімдеме жасады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында ҚР ІІМ полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов жағдайды баяндады.
Естеріңізге салайық, 27 қазан күні Алматы облысы Пенжім ауылындағы мектеп ауласында жаппай төбелес орын алған. Полицияның мәліметінше, мектеп ауласына 30-ға жуық адам жиналып, жанжал шығарған.