Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін тұқыртып алды
06.10.2022
Жаңалықтар
7
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі арнайы шақыртылған Ресей елшісімен кездесу өткенін мәлімдеді.
Еске салайық, 4 қазанда Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийге қатысты жағдайға наразы екенін жеткізген болатын. Осы орайда Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Украина тарапымен бұл мәселе бойынша толық өзара түсіністік бар» деп мәлімдеді.«Елші Сыртқы істер министрлігіне маңызды мәселе бойынша шақыртылды. Біз Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың тең құқылы стратегиялық әріптестік мәнеріне сәйкес келмейтін мәлімдемесін талқыладық. Кездесуде қатқыл түрде жауап бердік», - деді министрліктің баспасөз қызметі.