Қазақстандықтарға әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеу жеңілдеді

08.07.2021 Жаңалықтар
5
2021 жылдың үшінші тоқсанынан бастап әлеуметтік төлемнің үш түрін тіркелген мекенжайға қарамастан алуға болады. Бұл туралы  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов хабарлады. Қазіргі уақытта әлеуметтік төлем рәсімдеудегі басты талап - тұрақты мекенжай анықтамасы.

Өзге төлемдер бойынша да жыл соңына дейін осы тәртіпті енгізуді жоспарланып отыр. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында "Азаматтарға арналған үкімет" әлеуметтік салада 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік корпорация төлемнің 44 түрі бойынша электронды макет енгізбек. Міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдар бойынша дербестендірілген есеп болады.