Қазақстандықтар енді жұма намазын мешіт ішінде оқиды
21.09.2021
Жаңалықтар
5
Қазақстанда карантин талаптары жеңілдеуіне байланысты жұма намазын енді мешіт ішінде оқуға рұқсат берілді.
Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
27 қыркүйектен бастап Ashyq-та "қауіпсіз" жамағат үшін жұма намазы жабық орын-жайларда оқуға рұқсат.
"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, "сары" аймақта 30%-тен, "қызыл" аймақта 20%-тен аспауы керек.
Осыған дейін жұма намазы мешіт ауласында оқылды.