Қазақстанда үш жылда төрт жаңа абақты салынады

03.11.2021 Жаңалықтар
5
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда төрт жаңа колония салынатынын мәлімдеді.

Қазір Қазақстанда 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеуде қамауда. 93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.