Қазақстан Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық хабын ашуға дайын

17.09.2021 Жаңалықтар
5

Мемлекет басшысы Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымының гуманитарлық хабын ұйымдастыру керектігін айтты.

  Президент Душанбеде өтіп жатқан кеңесте қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік мәселесі өте өзекті екеніне тоқталды. 

Мемлекет басшысы Қазақстан өз тарапынан Ауғанстаннан бақылаусыз көші-қонның орын алуының, деструктивті идеологияның, есірткінің таралуының жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімен өзара іс-қимылды күшейтетіндігін баса айтты.

"Сонымен қатар Ауғанстан тап болған өзекті гуманитарлық және экономикалық проблемаларды шешу үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Қазақстанның қолданыстағы инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіншіліктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық хабын ұйымдастыруды ұсынамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.