Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келді
10.10.2020
Жаңалықтар
10
Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақтағы қақтығысты 10 қазанда сағат 12:00-де тоқтатуға байланысты келісім жасады. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Ол "Әзербайжан мен Армения республикалары ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағаларының бітімгершілігімен жағдайды реттеудің базалық принципі негізінде тезірек бейбіт келісімге келу үшін субстантивті келіссөздерге кірісті", - деді.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамов Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Мәскеуде кездесті. 10 сағатқа созылған жиын жабық форматта өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен құжат әзірленді. Қақтығысты тоқтатудың нақты тетіктері қосымша талқыланбақ.
Фото: www.rbc.ru