Премьер-министр Назарбаевқа экономика жағдайы туралы баяндап берді

10.01.2020 Жаңалықтар
5
фото: elbasy.kz Премьер-министр Асқар Мамин экс-президент, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде ел экономикасы сөз болған. Назарбаев "экономиканың жағдайы жаман емес" деп баға берген. Ал Асқар Мамин: "экономика қалыпты даму үстінде" екенін айтқан. Сондай-ақ Мамин Назарбаевқа экономиканың жағдайы туралы баяндап берген. Елбасының баспасөз қызметі "А.Мәминнің баяндамасына сәйкес", - деп жаза келіп: "құрылыс саласының дамуы 12,9%, сауда - 7,9%, байланыс - 5,2%, өңдеу өнеркәсіп саласы - 4,4%, тау-кен өндірісі - 3,7%, халықтың нақты табысы5,5% өскен" деп премьер-министрдің деректерін келтірген.