Оқушыға еден жуғызу тақырыбы қоғам назарына басқа жаққа аудару ма?

10.09.2019 Жаңалықтар
4
Әлеуметтік желіде оқушылардың еден жуу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бірнеше күннен бері талқыланып жатқан мәселеге орай білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.

Ал саясаттанушы, дипломат Қазбек Бейсебаев еден жуу туралы қызу талқыланып жатқан тақырыпты биліктің қоғам назарын басқа жаққа аудару үшін әдейі шығарып отырған дүниесі деп жазады.

"Мұның бәрі саяси технология деп аталады. Мақсаты - өзекті мәселелерден қоғам назарын басқа жаққа аудару. Еден жуу туралы тақырыпты ортаға тастады. Ел таласа тармаса талқылай жөнелді. Ал бүгінгі орта білім жүйесіндегі мәселе не еді? Үш ауысымды мектеп, оқушы саны көп сыныптар, оқулықтар мәселесі және жемқорлық" деп жазады сарапшы.