Астанада газ қосылып жатыр

13.11.2020 Жаңалықтар
5
Нұр-Сұлтанның аудандары газға қосыла бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы хабарлады. Қаланың 700-ден астам тұрғынына техникалық шарттар беріліп, 3 мыңдай адам фронт-кеңселерден кеңес алды. Халық көгілдір отынның бір текше метріне 34,6 теңгеден төлейтін болады. «Көптен күткен газ келді. Менің үйім 11-ші қарашада қосылды. Біз басында сенбеген едік. Қазір тұрғындар көмірден көгілдір отынға ауысып жатыр», - дейді Индустриальный ықшам ауданының тұрғыны Дәулет Бекбосынов. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның Агроқалашық, Промышленный, Көктал-2 аудандарында қысымды сынау мен құрылыс-монтаж жұмыстары жүгізілуде. Қаланы газбен жабдықтау қоршаған ортаның ластануын азайтып, жер үй тұрғындарының жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды. Газдандыру жобасы бірнеше саты бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ. Биыл сонымен бірге елордадағы жылу орталықтарының бірқатар қазандықтары да көгілдір отынға ауысты.