Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінен екі адамды жұмыстан босатты
17.03.2021
Жаңалықтар
5
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің Қауіпсіздік Кеңесіне қайта тағайындаулар жасады. Ақпарат «Елбасы» сайтына шықты.
Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдері бойынша келесі тағайындаулар болды:
- Уразгулов Расул Кабдулович - Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы;
- Есин Данияр Нұрашұлы - Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының жетекшісі.
Сонымен бірге Назарбаев Русланбек Бекжігітов пен Ерлан Абдақасовты жоғарыда аталған лауазымдардан босатты.