Назарбаев Есімовтің көмегіне жүгінеді

22.04.2021 Жаңалықтар
5
Ахметжан Есімов Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы шешімімен Есімов Ахметжан Смағұлұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды» делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы қызметінен 30 наурызда кеткен болатын.