Елімізде нан бағасы қымбаттайды
07.10.2021
Жаңалықтар
5
Парламент азық-түлік келісімшарт корпорациясының резервінен қосымша ақша бөлуді сұрап отыр, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.
Парламентте тауар нарықтарынан бидайды қосымша сатып алу туралы айтылды. Осылайша, бидай көлемі жеткілікті болуы керек.Депутаттың айтуынша, ұнның бағасы өсті. 1-сорттың келісі 200 теңге шамасында. Бұл жаздағыдан 70 теңгеге жоғары. Сонымен қатар диірменшілерге шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың жасанды жолмен жасалатынын мойындайды.