Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты

13.06.2019 Жаңалықтар
4
Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы aqorda.kz хабарлайды. "Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын",- деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.