Мұнай экспортына ешқандай шектеулер жоқ - Смайылов

13.07.2022 Жаңалықтар
5

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы жөнелту жұмыстарына қатысты түсініктеме берді Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

"5 шілдеде Новороссийск аудандық соты КҚК-нің жұмысын бір айға шектеді. 6 шілдеде ресейлік әріптесіміз премьер-министрге хабарласып, сол күні бұл мәселені шештік. КҚК құбыры қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Мұнай экспортына ешқандай шектеулер жоқ", - деді Әлихан Смайылов. Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Премьер-Министр Әлихан Смайылов консорциум қызметін тоқтата тұруға байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді. Артынша Ресей соты КҚК қызметін тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұлмен алмастырды. КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылатын энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырым; Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы осы бағыт бойынша тасымалданады.