Әміржан Қосанов сайлау кампаниясына "Шындықтан қашып құтылмайсың" сөзін пайдалануы мүмкін
26.04.2019
Жаңалықтар
4
"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан президенттік сайлауға ұсынылған Әміржан Қосанов Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр.
Баспасөз мәслихаты барысында Әміржан Қосанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 сәуір күні кезектен тыс президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған кезде "Әділ, әрі ашық сайлау өткізуге кепілдік беремін" деген сөзіне сенбейтіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, осыған дейін "Шындықтан қашып құтылмайсың", "Әділ сайлау үшін", "Менің таңдауым бар" ұрандарын Ә. Қосанов өзінің сайлау кампаниясына пайдалануы мүмкін екені де айтты.
Сондай-ақ Қосановтың сайлау кампаниясына жұмсалатын қаржы да бар көрінеді.