Министрдің баласы әкімнің орынбасары, ал сот төрағасының ұлы институт басқарады
17-сәуірде Қазақстандық индустрияны дамыту институтының басқарма басшысы болып Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр таныстырған.

sud.gov.kz
Әлішер Әбдіқадыров Алматы облысы сотының төрағасы Еліс Әбіқадыровтың баласы. Әлішер Елісұлы tengrinews.kz - ке берген пікірінде қызметіне әкесінің қатысы жоқтығын айтыпты.
"Ол менің әкем. Мен мүлдем басқа салада жұмыс істеймін. Менің салам - инвестиция, инновация, өндіріс. Оның қызмет саласы басқа. Он жылдан бері біздің жолымыз түйіскен емес" депті Ә.Әбдіқадыров.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі.
Бұл туралы министрдің өзі: "Менің балам. Қазақстан азаматы болғандықтан Конституцияға сәйкес құқығы бар. Бұл оның таңдауы. Ол жеке тұлға. Менің қатысым бар-жоғына келер болсақ, онда менің бұл мәселеде қатысым жоқ. Ондай әдетім жоқ. Мемлекеттік қызметті ол өзі таңдады. Бәрі оның өзіне байланысты. Жақсы жұмыс істесе мансапта да өскеді” деген еді.