"Менің қатысым жоқ" Бердібек Сапарбаев баласының қызметіне байланысты айтты

09.04.2019 Жаңалықтар
4

Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баласы Жансұлтанның лауазымды қызметке тұруына байланысты жауап берді деп жазады tengrinews.kz.

"Менің балам Қазақстан азаматы болғандықтан Конституцияға сәйкес құқығы бар. Бұл оның таңдауы. Ол жеке тұлға. Менің қатысым бар-жоғына келер болсақ, онда менің бұл мәселеде қатысым жоқ. Ондай әдетім жоқ. Мемлекеттік қызметті ол өзі таңдады. Бәрі оның өзіне байланысты. Жақсы жұмыс істесе мансапта да өскеді", - деді Б. Сапарбаев журналистерге.

Бұған дейін Бердібек Сапарбаевтің ұлы Жансұлтан Сапарбаев Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданына әкім орынбасары болып қызметке тағайындалғандығы айтылған.