Мамин мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды
11.08.2021
Жаңалықтар
6
Премьер-министр Асқар Мамин мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды. Елде аурушаңдық қарқыны баяулап, эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақтанып келеді.
Республика бойынша инфекциялық орындардың 54%-і, ал реанимациялық орындардың 45 проценті бос емес.
Әсіресе, бұл мәселені Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімдері бақылауға алып, тамызда вакциналау жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Премьер-министр барлық өңірде эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау қажет екенін мәлімдеді. "Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды облысының әкімдіктері бұл мәселеге ерекше назар аударуы керек. Халықтың шектеу шараларын, әсіресе, маска режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін мониторингтік топтардың жұмысын жандандырып, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту керек", -деді ол. Сондай-ақ Мамин "Ashyq" қосымшасын қолдану аясын одан әрі кеңейтуді тапсырды.