Келесі жылдан бастап кей дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін

03.04.2019 Жаңалықтар
4

Келесі жылдан бастап медицина саласының кей бір мамандары зейнетке ерте шығуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбек. Ол тізімге хирургтар, акушер-гинеколог және неонатологтар кіреді деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бірақ, ертерек зейнетке шығу үшін, дәрігердің зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болу керек. Онда ай сайын тиісті 10 пайыздан бөлек, қосымша қаражат салуға тура келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, бүгінде еркектер 9,1 млн теңге қормен 55 жастан, ал әйелдер 13 млн теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады. 

ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту РО менеджмент орталығының басшысы:

"Бұрын КСРО кезінде жұмысы ауыр дәрігерлерге мұндай мүмкіндік берілген. Зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, біз 55 жастан демалысқа шығуды ұсынып отырмыз. Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болуы керегі қазір талқыланып жатыр", -дейді Салтанат Идрисова.