Илон Маск Қазақстанда Tesla қуаттағыш станциясын ашатынын мәлімдеді
05.06.2019
Жаңалықтар
3
Америкалық инженер әрі кәсіпкер бизнесмен Илон Маск 2019 жылы Қазақстанда Tesla қуаттағыш станциясын ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды arasha тілшісі.
«2019 жылы Қазақстанда Tesla қуаттағыш станциясы мен сервис орталығы ашылады»,-деп жазды ол Twitter-де отандасымыздың бірінің сұрағына жауап беру кезінде.
Tesla – электромобил шығаратын америкалық компания. Аталған компания 2003 жылы құрылған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша автоөндірушінің активтері 30 млрд долларға бағаланып отыр.