Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке келді

27.09.2021 Жаңалықтар
5

Айымбетов Айдын Ақанұлы "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды. 

  Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды: 2009-2010 жж. – ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі; 2010-2011 жж. – ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры; 2011-2014 жж. – "ҰҒЗТО" АҚ "Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты" ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары; 2014-2016 жж. – "ҰҒЗТО" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары; 2016-2019 жж. – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті. 2019-2021 жж. – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі. 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып табылады. Айдын Айымбетов - ҚР ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Отан" ордені.