Ерлан Қарин: Ақпараттық шабуылдарға тап болдық

19.01.2022 Жаңалықтар
18

Еліміздің бірнеше аумағында антитеррорлық операциялар әлі де жалғасады. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24"

 

Оның сөзінше, құқық қорғау органдары жағдайды қалпына келтірумен қатар ақпараттық шабуылға тойтарыс беруге мәжбүр. "Алғашқы күндерден бастап ашық ақпараттық шабуылдарға тап болдық. Бұл – жалған ақпараттар мен фейк жаңалықтар ағымы. Олар әлі де жалғасуда. Құқық қорғау органдары тәртіпті қалпына келтіріп қана қоймай, айтып өткен ақпараттық шабуылдарға да тойтарыс беруде", - деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы Ол ақпараттық шабуылдардың ішкі және сыртқы көздерден келетінін қосып өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы жағдайдың тұрақталғанын да айтты.