Еркін Ізбасардың шәкірті Токио Олипиадасында жартылай финалға шықты
04.08.2021
Жаңалықтар
5
Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты.
Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.
Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Еске салсақ, Санаевты Ақтөбеге "төрт ағайынды" деген атпен танымал Еркін Ізбасаров Ресейден ертіп әкелген еді.