Елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордты саны тіркелді

16.07.2021 Жаңалықтар
5

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 648 науқас тіркелді. 13 өңір "қызыл" аймақта тұр.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 477 754 жетті.  Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -  1549, Алматы қаласында - 885, Шымкент қаласында – 421, Ақмола облысында – 175, Ақтөбе облысында - 215, Алматы облысында - 188, Атырау облысында - 329, Шығыс Қазақстан облысында - 63, Жамбыл облысында - 77, Батыс Қазақстан облысында - 259, Қарағанды облысында - 746, Қостанай облысында - 116, Қызылорда облысында - 110, Маңғыстау облысында - 208, Павлодар облысында - 178, Солтүстік Қазақстан облысында - 95, Түркістан облысында - 34. "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. "Сары" аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары. "Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.