Елімізде дәрігерлер 200-800 мың теңге жалақы алады

13.03.2021 Жаңалықтар
4
Қазіргі уақытта қазақстандық медицина қызметкерлері 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тілшілерге берген сұқбатында айтты.

Министр мәліметінше, былтыр дәрігерлердің жалақысы 30% артқан. «Осыған байланысты республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы бізді қолдады. Жыл өткенн сайын дәрігерлердің жалақысы өседі, бұған қатысты мемлекет тарарынан қолдау бар», - дейді ол.