Еліміздің кейбір аймағында үсік жүреді

12.05.2021 Жаңалықтар
5
Қазақстанда  2021 жылдың 13-15 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Синоптиктер кейбір аймақтарда жер қатып, үсік жүретінін болжады.   «13 мамырда атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады, шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. 14 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысын қоспағанда, Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 15 мамырда елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүретіндіктен, топырақ беті қатуы мүмкін. Республиканың жекелеген облыстарында жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін», - дейді синоптиктер.