Димаш Құдайберген "Новая волна- 2021" байқауына қазылыққа кірді

22.07.2021 Жаңалықтар
5
Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Сочиде өтетін "Новая волна-2021" халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасының құрамына кірді. Байқауды ұйымдастырушы комитеттің хабарлауынша, Димаш Құдайберген "Новая волна-2021" байқауының ашылуына арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, байқаудың үшінші күніндегі концертке, сондай-ақ байқаудың жабылу құрметіне арналған концертке қатысады. Байқаудың финалына Ресей, Австралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Қазақстан және Нидерланды елдерінің орындаушылары өтті. Қазақстан атынан байқауға "Mezzo" тобы қатысады. 2001-2014 жыл арасында байқау Латвияның Юрмале курортында өтті. 2015 жылдан бастап конкурс Сочиде өтеді. Байқау идеясы – композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс. Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ.