Бүгін ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күні
10.08.2021
Жаңалықтар
5
Бүгін Қазақстанда Абай күні мерекеленеді. Бұл дата 2020 жылы үкімет қаулысымен Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде енгізілді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Соған байланысты жыл көлемінде Абай мұрасы насихатталып, "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Былтыр 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады. Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатқа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді. Әрі қарай бұл бастама қазақстандықтар мен шетелдіктер тарапынан қолдау тапты.10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл хәкімнің туғанына 176 жыл болды.