"Бизнесті мазақ етудің бюрократиялық түрі": Депутат қаржы министрін сынады
16.09.2021
Жаңалықтар
5
Елдегі шағын және орта кәсіп иелерін тексеруге мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов та қарсы шықты. Депутат қаржы министрлігінің әрекетіне "бизнесті мазақ етудің бюрократиялық түрі" деген пікір білдірді.
Жамалов "қашықтан мониторинг жүргізу" деп аталатын пилоттық жобаны жемқорлықтың жолы деп атады. “Егер қаржы министрлігі осы жобалар арқылы салықтық түсімді арттырамыз десе, бәрі бекер. Бұл – балығы жоқ көлден балық іздеу секілді құр әурешілік. Қаржы министрлігі президенттің тапсырмасын өздерінің жеке мақсаттарына пайдаланып отырған секілді әсер қалдырады. Ең сорақысы мемлекеттік тапсырма сайып келгенде бизнестегі бюрократияны одан сайын ушықтырып жіберді. Сондықтан осындай жобаларды тоқтатуды талап етеміз”, – дейді мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.- Мәжіліс депутатының айтуынша, барлық пилоттық жоба, қаржы министрінің тәуелсіз бұйрығымен енгізілген.