Беларуста 16 наразылық акциясы өтті

19.10.2020 Жаңалықтар
7
Беларусь еліндегі кезекті толқулар кезінде 280 адам ұсталды. Бұл жайында ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ольга Чемоданова мәлімдеді. Ол өткен демалыс күндері Беларусьтің бірнеше аймағында 8 мыңдай адамның қатысуымен 16 наразылық акциясының өткізілгенін хабарлады. Минскіде шеруге шыққандардың саны 7 мыңды құраған. "Кеше бұқаралық шаралар жөніндегі заңды бұзғаны үшін 280 адам ұсталды. Әкімшілік құқықты бұзған 237 адам сотқа дейін қамауда болады", - деді ведомство өкілі. Ольга Чемоданова милиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткендерге арнайы құралдардың қолданылғанын да жоққа шығармады. Беларусь еліндегі қоғам белсенділерінің мәліметінше, наразылық шаралары кезінде 280 емес, 500-дей адам ұсталған.