Батыс Қазақстандағы ауыл әкімдігінің "тәбеті" елордадан асып түсті

09.07.2021 Жаңалықтар
5
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп конкурстар бойынша сатып алу бағаларына мониторинг және талдау жүргізген. Осы жұмыстар барысында аудан әкімдігі 30 млн теңгеге пәтер сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысында айтылды.

М. Ахметжанов.

Сондай-ақ өткен жылы 40 млрд. теңге артық шығындар анықталса, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 36 млрд. теңге анықталғанын айтты. "Біз көрсеткіштің өсуі туралы жетістік деп айтамыз, бірақ іс жүзінде бұл проблемалық сигнал. Бағаны көтеру – алдағы уақыттағы пара алу мен қайтару үшін алғашқы қадам", - деп атап өтті ведомство басшысы. Ол бұл мәселені шешу үшін агенттік мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу порталдарын біріктіруді, бюджеттік өтінімдерді орналастырудың жариялылығын, біртекті тауарлар үшін бірыңғай ерекшелік пен бағаны белгілеуді, сондай-ақ бюджет қаражатын бөлуден бастап игеруге дейін сүйемелдеуді енгізуді ұсынғанын атап өтті. Ахметжановтың айтуынша бұл бастамалардың барлығын мемлекет басшысы қолдап, үкімет тиісті шаралар қабылдауда.