Бас прокуратура Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты: біз ол видеоны көрдік

08.04.2019 Жаңалықтар
12

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов әлеуметтік желіде тараған Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Әрине, біз ол видеоны көрдік. Енді, ол - xалықаралық іздеуде жүрген азамат. Бәріңіз білесіздер, Қазақстанда оған қатысты қылмыстық іс бар. Сондықтан оның жауапкершілігі әлі де қаралады. Өкінішке қарай, бізде Ұлыбританиямен қашып кеткен азаматтарды бір-бірімізге беруге қатысты келісім жоқ. Бірақ біздің барлық құқықтық сұрауларымыз Интерполға да, бәріне жан-жақты жіберілді" депті ол.

https://www.youtube.com/watch?v=4WmVrQ3ALRs

Бергей Рысқалиев мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 17 жылға сырттай сотталған.