Банкке қарыз қазақстандықтар енді несие алмайды
14.07.2022
Жаңалықтар
5
Қасым-Жомарт Тоқаев бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі бойынша заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Қабылданған заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз жайлы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микрокредит бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі. Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалынып отыр.- "Микрокредиттік ұйымдарға қарыз азаматтардың жүктемесін қысқарту үшін микрокредит бойынша артық төлемді екі есеге – микронесие сомасынан 100-ден 50 пайызға қысқарту ұсынылады", – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова.