Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

28.06.2019 Жаңалықтар
5
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетіп, оның орнына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми сайты жариялайды. "Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын", -делінген жарлықта. Б. Сағынтаев Президент Әкімшілігінің төрағасы қызметінен босатылып, оның орнына Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарған болатын.