Бішкекке басшы тұрақтамай жатыр

27.10.2020 Жаңалықтар
6
Бішкек қаласының басшысы соңғы үш аптада алтыншы рет ауысты. Қырғызстан астанасын енді Ыстықкөл облысының экс-губернаторы Балбақ Тулобаев басқарады. Осыған дейін мэр міндетін атқарған Нариман Төлеев қызметтен кететінін мәлімдеді. "Жаңа ғана қала басшысының міндетін атқарушы Балбақ Тулобаевпен сөйлестім, бұл адамның Бішкек мэриясына келгені жақсы болды", - деп жазды Нариман Төлеев. Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстандағы дүмпу кезінде Бішкекті 2 жыл басқарған Азиз Суракматов отставкаға кеткен еді. Шаһар билігі одан соң "халық мэрі" Жоошбек Коеналиевтің қолына өтті. 7 қазанда әкім тағы ауысып, одан кейін қаланы бірінші вице-мэр Алмаз Бакетаев басқарды.