Қазақстанның көлеңкелі экономикасы 30% құрайды

08.08.2019 Жаңалықтар
4
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның көлеңкелі экономикасы 30%-ға өскенін хабарлайды. «Барлығы халықаралық есептеу тәсілін қолданғанға байланысты. Бірақ кез келген халықаралық тәсіл Қазақстандағы жағдайларға сәйкес болуы керек: бізде кей бір позициялар жоқ (халықаралық тәсілден), сондықтан, кей позицияларды алып тастау арқылы біз көлеңкелі экономиканың үлесіне 30% береміз. Қазір бұл бағалауды халықарылық бірлестікпен талқылап жатырмыз», – деді ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов. Бұған дейін ХҚҚ Қазақстандағы көлеңгелі экономика 33-60% аралығында деген. Шолпанқұловтың сөзінше елімізде көлеңкелі экономика негізінен сауда және құрылыс салаларында белең алған.