Қазақстандықтар ВАЗ көлігіне мініп жатыр

18.10.2018 Жаңалықтар
4
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында ресейлік Автоваздың сыртқы нарыққа сату көлемі 65% ұлғайды, ал оның негізгі тұтынушысы – Қазақстан. ВАЗ көлігінің қазақ нарығындағы үлесі 22,9% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,2% артты. Еліміздегі ресейлік көліктер сатылымы бойынша бірінші орынға шықты. Ал Белоруссиядағы Автоваз машиналарының сатылымы екінші орында екен. Ресейлік автомобиль Қазақстандағы жолаушылар және жеңіл коммерциялық автокөліктер нарығында 23,2% иемденді. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ладаның жалпы сатылу көлемі 9657 автомобильді құрады. Елімізде 2771 дана Lada Granta сатылып, ВАЗ көліктерінің арасында ең көп сатылған марка болды. Қазақстандық 2322 сатып алушы Lada 4x4 моделіне таңдауын тоқтатты. Сонда-ақ, жолаушылар және жеңіл коммерциялық автокөліктер нарығында ең танымал ондыққа ГАЗ бен УАЗ (1999 және сәйкесінше 1085 сатылған машина) да енген екен. Дерек: kommersant.ru