Қазақстанда пластик пакеттерден бас тарту ұсынылды

29.03.2019 Жаңалықтар
4

Пленарлық отырыста сенатор Сәуле Айтпаева елде пластик пакеттерді өндіруге шектеу қою керек екенін айтып, үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Ол 22 сәуір - Халықаралық Жер күні екенін еске салып, экологияны қорғау мақсатында іс-шаралар атқаруды ұсында.

-Еліміздің жерін пластик нысандардан, құрылыс басқа да қоқыстарынан тазарту бойынша акция өткізуге шақырамын: далаларда, саяжай аумақтарында, авто-темір жол тораптарында. Қалыңдығы 15 микроннан асатын пластик пакеттірді өндіруге, импорттауға және сатуға тыйым салу қажет, - деді сенатор.

Белгілі бизнесмен Марғұлан Сейсембай да өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пластиктен бас тартуды ұсынды.

"Осы пластик жөнінде бұрыннан бері жүрген жерімде айтып жүрмін. Пластиктік қорап, ыдыс-аяқ және басқа түрлеріне тыйым салу керек.
Бұл шарамен еліміздің экологиясы мен туризіміне біз барлық үкімет бағдарламаларынан артық пайда келтіреміз.

Егер шынайы патриот болсаң, пластик қолдануға жоқ де! " деді бизнесмен.

https://www.instagram.com/p/BvjoX5eHzg-/

Wikipedia онлайн энциклопедиясының ақпараттарына сүйенсек, 2018 жылғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде жылына 380 миллион тонна пластика өндіріледі. 1950 жылдан бастап 2018 жылға дейін 6.3 миллиард тонна пластика өндірілді, оның 9%-ы өңделді, ал 12%-ы өртелді. Ал Қазақстанда 28,7 пайызы ғана қайта өңделген және адам өмірінде тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады. Пластикалық қалдықтардың көп мөлшері қоршаған ортаға сөзсіз түсіп жатыр және зерттеушілердің болжамы бойынша теңіз құстарының 90%-ының ағзасында пластик бар.

Қоршаған ортаның полиэтилен пакеттерімен ластануына қарсы күресу үшін түрлі шаралар қолданылады және қазірдің өзінде 40-қа жуық ел пластикалық пакеттерді сатуға және(немесе) өндіруге тыйым салу немесе шектеу енгізді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгізіледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.