Қазақстанда химиялық кострация қалай жүргізіледі?
05.11.2018
Жаңалықтар
4
Химиялық піштіруді медициналық мекемеде медбике жүргізсе, ал түрмеде пост бақылаушысы да қатысатын болады.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі педофилдерді химиялық піштіруге қай өңірлерден сұраным түскені туралы мәлімет берді.
Алғашқы химиялық піштіру Түркістан облысының тұрғынына жасалады.
"Әзірше басқа өңірлерден сұраным түскен жоқ", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің Sputnik Қазақстанға берген жауабында.
Химиялық піштіру дегеніміз не?
Химиялық піштіру – жыныстық құмартуды төмендететін антиандрогендік препаратты ағзаға енгізу. Оны сот шешімінің негізінде медициналық мекеме жүргізеді.
"Медициналық мекемеде препаратты енгізуді медбике ғана жүргізсе, түрмеде пост бақылаушысы да қатысады", — деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігі.
Дереккөз: sputniknews.kz