Қазақ балалары қытай ертегілерін оқып жүр

18.12.2018 Жаңалықтар
6

Қазақстандық баспалардың бірі балаларға арнап қазақ тілінде қытай ертегілерін басып шығарған. Ол ертегі кітапшаларда балаларға арнайы қытай тілін оқып-үйренуге арналған сабақтары да бар. Ертегі бірінші қазақ тілінде жазылған, содан кейін «Қытай тілінде оқып-үйренейік» деген жеке бөлімде ертегі қытай тілінде жазылып, оқылуын латын қаріптерімен көрсеткен.

[caption id="attachment_3015" align="alignnone" width="413"]"Фолиант" баспасынан шыққан кітапшаның суреті "Фолиант" баспасынан шыққан кітапшаның суреті[/caption]

Кітапша түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Біздің қолымызға түскен кітапшада ертегінің мазмұнына қарай  қытайлардың ұлттық киімдерін киген кейіпкерлерінің суреті бейнеленген, кейіпкерлердің аты-жөндері Лу Сю, Жугы Ляң, Цау Цау деген сияқты қытай есімдері.

[caption id="attachment_3016" align="alignnone" width="421"]"Фолиант" баспасынан шыққан кітапшаның суреті "Фолиант" баспасынан шыққан кітапшаның суреті[/caption]

«Фолиант» ЖШС баспасынан бұдан да басқа қытай ертегілері басылып шыққан екен: «Айдаһар әміршісі», «Қоңырау ұрлау», «Ештен кеш жақсы», «Темір таяқтан тебен жасау» секілді бірқатар ертегілер бар.

Балжан Жеңісқызы, arasha.kz