Австралияда алапат өрт болып жатыр
12.11.2019
Жаңалықтар
4
Австралияның Сиднейді қосқандағы Шығыс жағалауы өртке оранды. Жаңа Оңтүстік Уэльстегі ормандарда 85 жерден өртеніп жатқан көрінеді.
Аталған аймақта 6 миллионнан аса адам тұрады екен. Қауіпсіздік өкілдері орман -тоғайларға жақын бармауға, өрт ушығып кетпей тұрып, үйлерінен кетуге кеңес беріп жатыр. Ал штат бойынша қазіргі таңда 600-дей мектеп жабылған.
Мамандардың сөзінше күннің ысуы мен желдің қатты соғуына байланысты өрт тез тарап жатыр.
Мемлекеттің премьер-министірі Глэдис Бережиклян елде жеті күнге төтенше жағдай жариялап, сейсенді күні адамдардың өмірін, мал-мүлікті сақтап қалу және шама келгенше елді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыстар атқарылатындығын мәлімдеді.
Деректер бойынша, жұмада басталған өрттен үш адм қаза тауып, 150 құрылыс объектісі күлге айналды.