Ауғанстаннан 25 қазақстандық жеткізілді

18.08.2021 Жаңалықтар
4
Бүгін кешкі сағат 17:00-де Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 азамат Алматы қаласына жеткізілді. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ауғанстаннан еліміздің әскери әуе күштерінің С-295 ұшағымен ұшып келді. Жолаушылардың арасында Қазақстанның 25 азаматы болды. 15-і ересек, 10-ы бала. Сондай-ақ Қазақстанға оралғандар арасында біздің елшілік қызметкерлері де бар. Көрші қырғыз елінің өтініші бойынша дәл осы бортпен Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция барысында Қазақстан елшілігінен көмек сұраған 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылды.