Аркадаг алабайға алтын ескерткіш орнатты

15.11.2020 Жаңалықтар
5
Түркіменстан астанасы Ашхабадтта алабайға алтын ескерткіш орнатылды. Биіктігі 15 метрлік монументті ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі ашты. Аркадаг былтыр түркімен төбеті жайында арнайы кітап жазған болатын. Түркіменстанда иттің бұл тұқымы ұлттық құндылық саналады. Ресми құжатсыз алабайды елдің аумағынан шығаруға тыйым салынған.