Қазақстан үкіметі мен консорциум арасында кірісті түсімдерді бөлісуде келіспеушілік болған. Осыған сәйкес, Астана халықаралық сотқа арызданған.
Қазақстанның энергетика министрлігі таратқан мәлімдемеде сот процесі барысында тараптар өзара тиімді жолды тауып, бітімге келді делінген.
Бітімге сәйкес, консорциум Қазақстанға 10 жылға инфрақұрылым жобалары құрылысы үшін бір млрд доллар көлемінде қарыз бермек. Егер республика қарыздан бас тартқан жағдайда, 200 млн доллар өтемақы төленеді.
- Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сөздерінше, қазіргі кезде реттеудің негізгі қағидалары келісілген, енді нақты келісімге жыл соңына дейін қол қойылуға тиіс.