Алматы әкімі халыққа үндеу жасады
21.11.2019
Жаңалықтар
4
Алматы әкімі Баытжан Сағынтаев елбасының тасырмасы бойынша "Алматы 2050" бағдарламасы жасалғанын айтып, халыққа үндеу жасады.
Халыққа ұсынылып отырған бағдарлама қаланың даму бағдарын айқындайды дейді әкім.
"Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын.
Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын.
Алматының болашағына қатысты мақсатымыз ортақ болуы тиіс. Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz арнайы сайтында жарияланады. Мұнда сіздер пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар", -деп жазады Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
[embed]https://www.instagram.com/tv/B5HJieig6Zs/[/embed]